2,7 миллиард қаржы бөлсе, 97 жол жөнделеді

647

Шу ауданында жөндеуді қажет ететін 97 жол бар. Оның алтауы – аудандық мәні бар жолдар.   

2,7 миллиард қаржы бөлсе, 97 жол жөнделеді Фото: syrboiy/kz

Қазір осы 97 жолға қатысты 97 жоба жасалып, қарауда жатыр. Егер 2,7 миллиард теңге қаржы бөлсе, ауыл арасын жалғайтын – 91, ауданға апаратын 6 жол жөндеуден өтсе,  барыс-келіс қауіпсіз болар еді дейді тұрғындар.

Аудандық мәндегі жолдардың сапасы сын көтермейтінін осы көрсеткіштің өзі айқындап тұр. Осы жылы Шу ауданында "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында 5 көшеге, жергілікті бюджеттен 29 көшеге қаржы қаралып, жолдар жөндеуден өткен болатын.

Ал Шу қаласына кіреберістен басталатын Балуан Шолақ ауылына дейінгі 32 шақырым жолға жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары келесі жылы аяқталады.

Тағы бір жұрттың құрылысы аяқталуын асыға күтіп жүрген жолы  – 52 шақырымдық Ш-Қайнар жолы. Қазір онда күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

        

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу