20 млн тоннадан астам дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды

1548

Өткен жылғы көктемгі дала жұмыстары бұрын-соңды болмаған, мүлдем жаңа жағдайда өтті. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

20 млн тоннадан астам дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды

"Министрлік үкіметтің қолдауымен фермерлердің кедергісіз жүріп-тұруын, жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер, тұқым, тыңайтқыш пен өсімдіктерді қорғау құралдарын жеткізуді қамтамасыз ететін арнайы жұмыс алгоритмін құрды", – деді министр. 

Сапархан Омаров көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 70 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінгенін атап өтті. 

"Фермерлерге көмек ретінде құны 24,5 млрд теңгені құрайтын дәнді және майлы дақылдарды кепілді форвардтық сатып алу механизмі іске қосылды", – деді министр.

Оның айтуынша, былтыр 20 млн тоннадан астам дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды. Жоғары сапалы бидайдың үлесі 80%-ға дейін ұлғайды. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу