Ақмола облысының Зеренді ауданында "Көкжиек" тауөнеркәсіптік компанияcы бір тәуліктегі қуатын 430 тоннаға жеткізді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Көкжиек" ЖШС асыл металдар кенін байыту зауыты 2016 жылдың қарашасында іске қосылды. Инвестицияның жалпы көлемі 1,8 млрд теңгені құрады. Зауыттағы алғашқы өнімді құйма ретінде алынды. Бұл жердің өндірістік қысымы жылына 150-200 мың тонна кенді құрайды.
Таратылған мәліметке сәйкес, зауыт биыл 200 келі алтын, 3500 келі күміс өндіруді жоспарлап отыр.
"Мақсатқа жету үшін барлық жағдай жасалған", – деп жазылған баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу