200 мың кәсіпкер әлі жұмыссыз отыр

935

Пандемия кезінде 800 мың кәсіпкерлік нысанның жұмысы тоқтаған.  

200 мың кәсіпкер әлі жұмыссыз отыр

Карантин жеңілдетіліп, қызмет көрсету саласының көптеген сласына жұмыс істеуге рұқсат берілгенімен, қосымша талаптар кәсіпкерлердің аяғына тұсау болып отыр. "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов пандемиядан зардап шеккен бизнес нысандарының статистикасын атады.

"Сатистика ай сайын, апта сайын өзгеріп отырады. Жалпы пандемия кәсіпкерлердің жұмысына өте үлкен қиындықтар туғызды. Біздің орта есеппен пандемия кезінде қызмет көрсету саласындағы 800 мыңнан астам нысан карантинде болды. Яғни, Төтенше жағдай режимі енгізілгенде, одан кейінгі карантин мен 17 тамызға дейінгі локдаун кезінде 800 мыңға жуық кәсіпкер қиындыққа тап болды. Олардың 500 мыңнан астамы толық тоқтап тұрды. Санитарлық дәрігерлердің бұйрығы бойынша мүлдем жұмысқа шығуына тыйым салынды. 17 тамыздан  бастап бұлардың көбі жұмысқа кірісті. Біздің орта есеп бойынша,  әлі де 200 мыңға жуық кәсіпкер жұмысына шыға алмай отыр", – деген ол қоғамдық тамақтану саласындағы келеңсіздіктерге тоқталды. 

"Асхана саласында тек банкет залдары мен тойханалардың жұмысына шектеу бар. Рұқсат берілгенімен, қазіргі санитарлық норма бойынша жұмыс істеуі тиімсіз болып тұрған нысандар бар. Қазір далада қызмет көрсету мүмкін емес, күн суып кетті. Ал ғимарат ішінде қызмет көрсетуге 30-50 пайыз көлемінде шектеу бар. 30 пайыз ғана кісі қабылдай алса, шығынды ақтамауы мүмкін. Сондықтан асханалардың 15-20 пайызы рұқсат берілсе де, әлі тоқтап тұр. Санитарлық талап рұқсат етпейтіндері бар, өз еркімен тоқтап тұрғандары бар, бәрінің жиыны 200 мыңға жуық деп айтуға болады",  деді Абылай Мырзахметов.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу