2000 ауыл мектебіне Starlink интернеті қашан жетеді?

283

Әзірге пилоттық жоба бойынша үш өңірдегі 10 мектеп қана Starlink-тің кең жолақты интернетіне қосылған.

2000 ауыл мектебіне Starlink интернеті қашан жетеді? Фото: isupport

ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің басқарма басшысы Олжас Қабенов 2 мың ауыл мектебі Starlink жоғары жылдамдықты интернетіне қашан қосылатынын айтты.

“Бүгінгі таңда 10 мектеп тестілік режимде қол қойылды. 2 мың мектеп бұл пилоттық жоба аяқталған соң және бұл ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес келгенде қосылады”, - деді спикер “Қолжетімді интернет” ұлттық жобасы тақырыбында өткен брифингте. 

Пилоттық жоба жылдың аяғына дейін жалғасады. SpaceX компаниясының Starlink технологиясы бойынша интернетке қосылған 10 мектеп үш облыста орналасқан. Атап айтқанда, 8 мектеп Алматы облысында, бір мектептен Қарағанды және Ақмола облыстарында, деп жалғастырды Қабенов.

БАҚ өкілдері аталған мектептер кең жолақты интернетке қанша төлеп отырғанын сұрады.

“SpaceX компаниясымен арадағы пилоттық келісімге сәйкес, бұл тегін”, - деп нақтылады ол.

Айта кету керек, осыған дейін жыл соңына дейін Астана аумағының 15 пайызы 5G-мен қамтылатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу