ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 2016 жылғы табыстары үшін Қазақстан паралимпиадалық құрамасына алғысын білдірді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
Ведомство басшысы спортшыларға, спорт қызметкерлері мен ұлттық паралимпиада және олимпиада комитетінің басшыларына мақтау грамоталарын табыстады.
Еске сала кетейік, Рио-де-Жанейрода ҚР Жүзу құрамасының қатысушысы Зульфия Габидуллина Паралимпиададан ел тарихында алғаш рет алтын алтын медаль иеленсе, пауэрлифтингтен Раушан Қойшыбаева күміс медальды қанжығасына байлады. Рио ойындарында 22 спорт түрінен барлығы 528 паралимпиада медалі ойнатылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу