2017 жылы зейнетақы мен бала тууға байланысты жәрдемақы 20%-ға өседі

1952

2017 жылы зейнетақы мен бала тууға байланысты жәрдемақы 20%-ға өседі

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке  2017 жылы зейнетақы мен бала тууға байланысты жәрдемақыны өсіруді тапсырды.

"Тәуелсіздіктің  25 жылдығында үкіметке келер жылы зейнетақы көлемін 2016 жылғы деңгейден 20%-ға жоғарлатуды тапсырамын. Бұл 2 млн 200 мың қазақстандықты қамтиды. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап бала тууға байланысты бір реттік жәрдемақының көлемі 20%-ға арттырылсын", – деді Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі күні Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу