banner

2019 жылы кәсіпкерлерге арналған мобильдік қосымша іске қосылады

1797

Аталған мобильдік қосымша Астана, Алматы және Ақтөбе облыстарының 200 мың кәсіпкері арасында тестілеуден өткізілуде және толығымен келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.

2019 жылы кәсіпкерлерге арналған мобильдік қосымша іске қосылады

2019 жылы Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған бірыңғай мобильдік қосымша іске қосылады. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Келесі жылы еліміздің кәсіпкерлерінің жұмысын цифрлық жүйеге көшіреміз, нақты айтқанда "Atameken services" атты жаңа мобильді қосымша іске қосылады. Онда алдымен әрбір кәсіпкердің жеке электронды кабинеті, сонымен қатар құқықтық және қаржылық кеңес беру,бухгалтерлік және салық қызметі, кедендік рәсімдер субсидиялар мен гранттар туралы ақпараттар мен қызмет түрлерін тегін алу мүмкіндігі қарастырылған", -деді Абылай Мырзахметов.

Мобильді қосымшаның тағы бір артықшылығы бизнес көмектен бөлек, мемлекеттік қызметтерді де сол жерден алуға болады, біз тұрғыда Үкіметпен келісімшарт жасасып e-Gov.kz қызметі енгізілген, яғни қандай да бір анықтама қажет болса, сол жерде барлығы қолжетімді. Қосымша үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) қызмет көрсетеді.

Абылай Мырзахметовтың айтуынша, бүгінде аталған мобильдік қосымша Астана қаласы, Алматы және Ақтөбе облыстарының 200 мың кәсіпкері арасында тестілеуден өткізілуде және толығымен келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.

Сонымен қатар, аталған қызмет түрі шетелдік инвесторлар үшін де қолжетімді, сол сияқты қауіпсіздік пен жемқорлықтың алдын алу мақсатында Call-орталық қарастырылған, ол тікелей Бас Прокуратура және Ұлттықбюромен байланыстырады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрлігі, "Атамекен" ҰКП және "KazakhExport" компаниясы еліміздің экспорт әлеуетін одан әрі дамыту мақсатында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу