Жылдың аяғына дейін ҚР Цифрлық даму министрлігі, "Кселл" АҚ, "Мобайл телеком-сервис" ЖШС, "Карт-Тел" ЖШС қол қойған меморандумға сәйкес шамамен 600 мың тұрғыны бар 928 ауыл интернетпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ranking.kz басылымы хабарлады. Осы күнге дейін мобильді интернет 4353 елдімекенде қосылған.
Биыл қаңтар және наурыз айларында ауыл тұрғындары интернет байланысы үшін 3,1 млрд теңге төлеген. Бұл былтырғы көрсеткіштен 10,9%-ға аз. Ал барлық тұрғындарға көрсетілген қызметтің көлемі бір жылда 15,2 пайызға өсіп, 55 млрд теңге болды.
Наурыз айының қорытындысы бойынша, желіге қосылған ұялы байланыс абоненттерінің саны 14,9 миллионға жуықтаған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 18 миллионға жетеді деп жоспарланып отыр.
Табиғат Нұрболат