2021 жылы жол апатынан 28 бала қаза тапты – ІІМ

926

Биыл балалардың жол апатынан қаза табуы 30%-ға азайған.

2021 жылы жол апатынан 28 бала қаза тапты – ІІМ

Жыл басынан бері 28 бала жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, өткен жылы жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол апаты төрттен бірге қысқарған. Оның ішінде бала өлімі мен жарақат алу дерегінің азаюы бар. 

"2021 жылы балалардың жол апатынан қаза табу дерегі тағы 30%-ға азайды. Алайда мұндай статистикаға қарамастан саладағы жұмысты тоқтатпау керек. Себебі, жыл басынан бері елімізде 28 бала жол апатынан қаза тапты", - деді Алексей Милюк ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу