Қазақстандықтар 2022 жылы наурыз және тамызда неше күн демалады

1337

Үкімет Еңбек кодексіне сәйкес және жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстандықтар 2022 жылы наурыз және тамызда неше күн демалады

Құжаттың мәтіні нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды. Қаулыға сәйкес демалыс күндері 5 наурыздан 7 наурызға, 27 тамыздан 29 тамызға ауыстырылған.

"Қазақстанда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Демалыс күндерін 5 наурыздан 7 наурызға ауыстыру қазақстандықтарға қатарынан 3 күн демалуға мүмкіндік береді: 6 наурыздан 8 наурызға дейін. 30 тамызда елде Конституция күні атап өтіледі. Демалыс күндерін 27 тамыздан 29 тамызға ауыстыру нәтижесінде тұрғындар 3 күн демалады: 28 тамыздан 30 тамызға дейін", – деп жазылған құжатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу