2024 жылы көлік салығын қалай төлеуге болады?

1068

Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық 2023 жылға төлеу мерзімі 2024 жылғы 1 сәуірде аяқталады. 

2024 жылы көлік салығын қалай төлеуге болады? Фото: freepik

Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Салықты есептеу кезінде 2023 жылы қолданыста болған 3 450 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш пайдаланылады.

Көлік құралдарына салынатын салық сомасын kgd.gov.kz web – порталында және "e–Salyq Azamat" мобильді қосымшасында калькулятордың көмегімен дербес есептеуге болады.

Сонымен қатар, есеп айырысу сальдосын айқындау мақсатында салық органдары жыл сайын тиісті жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты есептейді.

Салықтың есептелген сомалары бойынша ақпарат 2024 жылғы 15 наурыздан кейін "Каспий банк" АҚ және "Халық банк" АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH–хабарламалар түрінде жіберілетін болады.

Сондай–ақ, салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz web–порталда "Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер" сервисінде, сондай–ақ "e–Salyq Azamat" және "Каспий банк" АҚ және "Халық банк" АҚ екінші деңгейдегі банктерінің мобильді қосымшаларында жіберілетін болады.

Аталған мобильді қосымшалардың барлық пайдаланушыларыкөлік құралдарына салынатын салықтың 2023 жылға есептелген сомаларын көреді және оның төлемін жасай алады.

2024 жылғы 2 сәуірден бастап салық сомасын уақытылы төлемеген тұлғаларға жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарламалар жіберілетін болады.

1 АЕК (3450 теңге) астам берешек сомасы бойынша хабарлама тапсырылғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кейін жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығы автоматты түрде қалыптастырылады және борышкерге жіберіледі.

Берешек тапсырылғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кейін төленбеген жағдайда, салық бұйрығы жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға беріледі.

Көлік салығынан берешек бойынша

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында өткен кезеңдерде төленбеген көлік салығы бойынша берешектің жалпы борыш сомасы 774 060 млн. теңге болатын 9249 азамат бар, оның ішінде 284 492 млн.теңге өсімпұлды құрайды. 

Жалпы республика бойынша 2024 жылғы 28 ақпандағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың мүлкі мен көлік құралдарына салынатын салық бойынша 539241 салық төлеушінің берешегі 16,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде берешектің негізгі сомасы көлік құралдарына салынатын салыққа – 14,9 млрд.теңгені құрайды.

Оның ішінде көлік құралдарына салынатын салық міндеттемелерінен жалтарған автокөлік иелерінің ең көп саны келесіөңірлерде тіркелген:

Алматы қ. – 26 мың борышкер бойынша берешек 3,5 млрд. теңгені құрайды;

Алматы облысы – 24 мың борышкер бойынша берешек 2,2 млрд. теңгені құрайды;

Астана қ. – 20 мың борышкер бойынша берешегі 1,6 млрд. теңгені құрайды.

Заңнамаға сәйкес сот орындаушылары банктік шоттар мен мүлікке тыйым салуға құқылы. Сондай–ақ, 40 АЕК–тен берешек сомасы кезінде ҚР–дан шығуға тыйым салынуы мүмкін.

Бұдан басқа, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа берешек сомасының 25% – на дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады.

"Осылайша, қажетсіз шығындар мен проблемаларды болдырмауүшін салықты уақытылы төлеуді, ал салық берешегі болған жағдайда –жеке сот орындаушыларына өндіріп алуға салықтық бұйрық берілгенсәтке дейін (мамыр айының үшінші онкүндігіне дейін) салық пен өсімпұлды төлеуге кеңес береміз", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу