Зауыт 2021 жылы пайдалануға берілген болатын, деп жазады inbusiness.kz.
"2022 жылдың желтоқсан айында зауыттан Қытайға ядролық отынның алғашқы партиясы жеткізілді. Өнімдер Қытайдың CGNPC-URC корпорациясы тарапынан қабылданды. "Үлбі-ТВС" 2024 жылы толық өндірістік қуатқа шығу үшін өндіріс көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл жылына жылу бөлетін құрастырмалар түрінде 200 тонна уранды құрайтын болады. "Үлбі-ТВС" – атом электр станциялары үшін ядролық отын шығаратын еліміздегі жалғыз өндіріс орны", - деп атап өтті Басқарма төрағасы.
Еске салайық, осыған дейін 2022 жыл бойынша "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының таза пайдасы 473 млрд теңгені құрағанын жазған болатынбыз.