2025 жылдың аяғына дейін 1395 ауылда ауыз су мәселесі шешімін табады

638

Жыл соңына дейін ауыл тұрғындарын сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігін 96,3 пайызға дейін арттыру жоспарланған. 

2025 жылдың аяғына дейін 1395 ауылда ауыз су мәселесі шешімін табады Фото: google

Елімізде барлығы 6295 ауыл бар. Оның 4,9 мыңы сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізе алады. 1395 ауылдың ауыз су мәселесін шешу 2025 жылдың соңына дейін жоспарланған. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Азамат Бейісбеков Сенатта "Өңір" депутаттық тобының отырысында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдама" шеңберінде ИИДМ-ге 4 іс-шара бекітілген.

"Біріншісі – ауылдық елдімекендерді бас жоспарлармен және егжей-тегжей жоспарлармен қамтамасыз ету, қолданыстағы заңнамаға сәйкес халық саны 5 мың адамнан асатын елдімекендер үшін егжей-тегжей жоспарларымен біріктірілген бас жоспарлар әзірленеді. Ал, халық саны 5 мың адамнан кем елдімекендер үшін даму және құрылыс салу схемалары әзірленуде. Тиісінше бүгінде халық саны 5 мың адамнан асатын 279 ауылдық елдімекен және тұрғындар саны бес мыңнан аз 4480 ауылдық елдімекендер бас жоспарлармен қамтамасыз етіледі", - деді ол.

Спикердің сөзінше, Бас жоспарлармен қамтамасыз етілудің ең төмен деңгейі 4 облыста байқалады. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Абай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары.

"Екіншісі – ҚР 2025 жылға дейін ұлттық даму жоспарын іске асыру шеңберінде сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі жоқ ауылдық елдімекендерді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауылдарда сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 94,5 пайызды құрады. Ауыз сумен қамтудың ең төмен деңгейі Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылдарында байқалып отыр. Биыл сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және реконструкциялаға республикалық бюджеттен ауылдарда 267 жобаны іске асыру үшін 113 млрд теңге бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша ауыл тұрғындарын сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділікті 96,3 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр", - деді Азамат Бейісбеков.

Үшінші бағыт – Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы асында жергілікті маңызы бар жолдардың нормативтік жай-күйін қамтамасыз ететін іс-шараларды іске асыру.

Спикердің сөзінше, тұжырымдама негізінде ИИДМ-ге бекітілген төртінші бағытқа ауылдық жерлерде жер қойнауын пайдаланушылардың, жүйе құраушы кәсіпорындардың шағын және орта бизнес белдеуін құру, әлеуметтік даму және тауар өндірушілер үшін ұзақ мерзімді тапсырыстарды қамтамасыз ету, елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі міндеттемелерін заңнамалық тұрғыдан бекіту жатады.

"Жер қойнауын пайдаланушылар әзірлейтін бағдарламаларға қойылатын жалпы талаптар айқындалады. Олар мыналарды қамтиды: шағын және орта бизнес белдеуін құру, сатып алуда отандық тауар өндірушілердің қолдау тетіктерін қабылдау, елішілік құндылық үлесі өсуінің нысаналы индикаторлары ұзақ мерзімді шарттар мен келісімшарттар жасасу, әлеуметтік қамсыздандыру. Министрлік жер қойнауын пайдаланушылардың елішілік құндылықты дамыту бағдарламасын әзірлеу және қабылдау жөніндегі міндеттемелерді белгілеу бөлігінде жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізуді ұсынады", - деді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу