2025 жылға дейін спорттық нысандар санын 30 мыңға жеткізу жоспарланған

1367

Елімізде балалар мен жасөспірімдер клубтарының саны артады. 

2025 жылға дейін спорттық нысандар санын 30 мыңға жеткізу жоспарланған

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді. 

"Бүгінде елімізде 579 балалар-жасөспірімдер клубы, 107 дене шынықтыру клубы бар. Алда балалар-жасөспірімдер клубының санын 700-ге, дене шынықтыру клубтарының санын 340-қа жеткізу көзделген. Бұл спортпен шұғылданушылар санын 100 мың адамға ұлғайтады", – деген министр спорттық нысандар салу мәселесіне тоқталды. 

"Бұқаралық спортты дамытуда спорттық инфрақұрылым маңызды. Бүгінде елімізде 23 мың спорттық нысан бар. Жергілікті атқарушы органдардың есептеуінше қарапайым спорт құрылыстарын салу қажеттілігі жылына 1100 нысанды құрайды. 2025 жылға дейін олардың жалпы санын 30 мыңға жеткізу жоспарланып отыр", – деді министр. 

Еске сала кетсек, 2020 жылдың ақпанында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары жасалғанын мәлімдеген. 

Қазіргі кезде бұл бағытта жасалып жатқан шаралардың барлығы осы жоспар аясында жүзеге асырылуда. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу