Қостанай облысында 2025 жылы нефриттерді өңдейтін зауыт іске қосылады. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабардар етті.
Мемлекеттік орган қазіргі уақытта бизнес-жоспар жасалғанын айтып отыр.
"Жобаны бірлесіп жүзеге асыру туралы шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Толық ақпарат соңғы шешім қабылданғаннан кейін беріледі", – деп толықтырды департамент.
Сонымен бірге, жоба құны 1 млрд теңгеден асады деп атап өтілген. Нысан 2025 жылы ашылады деп күтілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу