2026 жылы солтүстікке 3 мыңнан астам адам қоныс аудара алады

94

Оның ішінде шетелден келетін қандастар да бар.  

2026 жылы солтүстікке 3 мыңнан астам адам қоныс аудара алады Фото: jambylinfo.kz

Өңірге көш түзеуге ниет білдірген әр адамға мемлекет тарапынан бір жолғы жәрдемақы мен үй сатып алуға "Экономикалық ұтқырлық сертификаты" беріледі, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Қазір оның көлемі 7 млн теңгеге дейін ұлғайды. Сонымен қатар көшіп келген отбасыға бизнес бастауға қайтарымсыз грант қарастырылған.

"Көшіп келген отбасылар нарықтағы кадр тапшылығы мәселесін шешуге оң ықпал етеді", – дейді жергілікті мамандар.

Өйткені, Солтүстік Қазақстан облысында әлі күнге дейін білім беру, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы салаларына адам жетіспейді. 

 "Көш-қон бағдарламасымен келген адамдарға тұрғын үй сатып алатын қаражаттың сомасы 7 млн теңге болды. Егер де 2025 жылы жартылай көшіп келген адам өз қаражатын салатын. Жартысын мемлекет беретін. Биылғы жылы түгелдей сол 7 млн теңгеден аса қаржы тұрғын үй сатып алуға мемлекеттен беріледі", – деді облыстық еңбек мобильдігі орталығының директоры Нұрлан Биболаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу