2027 жылы Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналады – Президент

147

"Халықтық құрылыс" – мазмұны кең, мән-мағынасы терең нағыз халықтық жоба.

2027 жылы Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналады  – Президент Фото: Абай облысының әкімдігі

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының Х құрылтайында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Баршаңызға мәлім, қазір еліміздің алдында маңызды міндеттер тұр. Бәріміз бір ел болып "Халықтық құрылыс" бағдарламасын іске асыратын болдық. 2027 жыл "Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы" болмақ. Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналады. Еліміз бойынша әртүрлі әлеуметтік нысандар – балабақшалар, мектептер, кітапханалар, ауруханалар, емханалар, оңалту орталықтары, спорт инфрақұрылымы және басқа да ғимараттар, өндіріс орындары, жолдар, вокзалдар, әуежайлар салынады", – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің сөзінше, барлық өңірде мыңдаған жұмыс орны ашылады.

"Отандық кәсіпкерлерге мол мүмкіндіктер беріледі. Тәуелсіз Қазақстанның төл тарихында мұндай ауқымды жоба бұрын-соңды болған емес. "Халықтық құрылыс" – мазмұны кең, мән-мағынасы терең нағыз халықтық жоба. Біз ел игілігіне қызмет ететін нысандар салып, тұтас мемлекетіміздің келбетін жаңартамыз, бүкіл ұлтымыздың сана-сезіміне серпін береміз", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу