"2030 жылы соғыс болуы мүмкін": Қорғаныс министрлігі депутаттың мәлімдемесіне жауап берді

519

Ведомство әлемдегі жағдайларды жіті қадағалап отырады.

"2030 жылы соғыс болуы мүмкін": Қорғаныс министрлігі депутаттың мәлімдемесіне жауап берді Фото: Мәжіліс

Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин депутат Ермұрат Бәпидің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сөзінше, елімізде әр адамның өз пікірін білдіруге құқығы бар.

"Қорғаныс саласындағы бюджетке келсек, ол бүгінде жалпы ішкі өнімнің шамамен бір пайызын құрайды. Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат қарулы күштерді қамтамасыз етуге бағытталған қажеттіліктер мен мақсаттарға жұмсалады. Депутаттың пікіріне келсек, қарулы күштер әрдайым әскери дайындықта болады. Біз әлемде болып жатқан жағдайларды әрдайым жіті қадағалап отырамыз. Оның ішінде геосаяси ахуал да бар", – деді Руслан Жангулин Мәжіліс кулуарында.

Айта кету керек, осыған дейін депутат Қорғаныс министрлігіне бөлінген қаржыға қатысты мәселе көтерген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу