21 тонна астықты ұрламақ болған

708

СҚО-да тонналап астық ұрламақ болған адам ұсталды.

21 тонна астықты ұрламақ болған

 

Солтүстік Қазақстан облысында тонналап астық ұрламақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Atameken Business.    

Тайынша ауданында ауылшаруашылық кәсіпорнының жұмысшысы егістіктен 21 тонна астықты жымқырмақ болған. Ол адамның комбайннан астықты арнайы жалдаған "КАМАЗ" көлігіне тиегені белгілі болды.

Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі тапсырыс берушінің қылмыстық ойы жайлы білмеген. Қазір осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетейін, 20 тамыздан бастап облыста "Астық" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Астық жинау науқаны кезінде тіркелген 39 ұрлықтың үшеуі ғана ашылмапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу