22,3 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді

961

44 мемлекеттік қызметтің 38-і электронды түрде көрсетілуде. 

22,3 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев еліміздегі салық декларациясының - 99, кедендік декларацияның - 100%-ы қашықтан тапсырылып жатқанын жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Қазір жеке және заңды тұлғаларға 44 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде 38-і - электронды түрде. Өткен жылы 22,3 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 97%-ы - электронды түрде жүзеге асырылды. Мемлекеттік кірістер комитетінің байланыс орталығы 2020 жылы 670 мыңнан астам салық төлеушінің өтінішін өңдеді. Олардың 91%-ы - операторлардың жұмысын "өте жақсы" деп бағалады", – деді министр. 

Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, 2019 жылы қолданысқа Астана-1, электрондық шот-фактуралар, тәуекелдерді басқару жүйесі секілді ақпараттық жүйелері енгізілген. 

"Бүгінгі күні салық декларациясының – 99, кедендік декларацияның - 100% -ы қашықтан тапсырылады. "Электронды шот-фактуралар" жүйесін енгізу контрагенттер арасындағы мәмілелерді онлайн режимде қадағалауға мүмкіндік берді", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу