Жыл басталғалы жыланның үйге кіруіне байланысты құтқарушыларға 25 рет шақырту түскен екен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Егер жылан табылса, адамдарды үй-жайдан шығарып, құлыптап, құтқарушыларды шақыру керек. Біз жыланды ұстап алып, оны елді мекендерден алыстатамыз", - дейді Шымкент қаласы ТЖД азаматтық құтқару бөлімшесінің басшысы Рахымжан Бекенбаев.
Биыл жыланнан 1 бала зардап шегіп, ауруханаға түскен. Жылан шаққан жағдайда дереу дәрігер көмегіне жүгіну керек. Өйткені, ол улы болса, адам өміріне қауіпті.
"Біздің орталықта жылан шаққанға арналған вакцина бар, біз шұғыл түрде екпе жасаймыз. Егер уақытылы көмекке жүгінбесеңіз, өлімге әкелетін жағдай болуы мүмкін", - дейді гипербариялық оттегімен қанықтыру орталығының бас дәрігері Мадина Ермаханбетова.