Астанада Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) саммитіне байланысты төрт жоғары оқу орнының студенттері онлайн оқитын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"27-28 қарашада Астанадағы ЖОО-да білім беру форматына келсек, төрт университет қашықтықтан оқыту форматына көшуде, екі университет ішінара қашықтықтан оқытуда, екі университет демалыста (бір триместр), бес университет дәстүрлі түрде (офлайн) оқытады" – деп мәлімдеме жасады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл шешімдерді университеттер өздерінің академиялық саясаттарына сәйкес дербес қабылдаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу