Қазақстанда жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін сәрсенбі күні телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуды уақытша тоқтатады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2024 жылғы 29 қарашада сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналог эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!" – делінген хабарламада.
"Қазтелерадио" телерадио хабарларын таратуды үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.