2GIS навигациясы қазақша сөйледі

905

Қосымша елімізде 2012 жылдан бері жұмыс істейді.  

2GIS навигациясы қазақша сөйледі Фото: The Village Казахстан

2GIS мобильді қосымшасында қазақ тіліндегі навигатор пайда болды.

Әзірлеушілердің мәліметінше, навигация тілін баптауда өзгертуге болады.

Маршрутты дауыспен басқару жолда алаңдамауға мүмкіндік береді. Навигатор әрдайым жаңа бағыт ұсынып отырады.

Сәуір айынан бастап республиканың 2GIS-інде карталар мен ұйымдарды қазақша іздеу функциясы пайда болды. Онда дүкендерді, дәріханаларды, қоғамдық тамақтану орындарын, мәдениет мекемелерін, көрікті орындарды табуға болады. Бұл ретте қосымшада таңдалған тіл мен навигатор дауысы бір-біріне тәуелді емес екенін айта кету керек. Яғни, қосымшада орыс тілі таңдалса да, дауыстық белгілерді қазақ тілінде қосуға болады.

Бүгінгі таңда мобильді қосымша Қазақстанның 40-тан астам қаласында істеп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу