Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты

128

Тағы бірнеше адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты Фото: видеодан алынған кадр

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында Қазығұрт – Жібек Жолы тасжолында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, Kia маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Haval автокөлігімен соқтығысқан.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу