3 миллион теңгеден асатын газ құбырларын ұрлап кетті

678

Құрылысты бірнеше уақытқа тоқтатуға тура келді. 

3 миллион теңгеден асатын газ құбырларын ұрлап кетті Фото: strojDvor.ru

Тараз-Сарыкемер тас жолының бойында газ құбырлары тартылып, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан. Белгісіз біреулер құны 3 миллион теңгеден асатын газ құбырларын ұрлап кетті, деп жазады inbusiness.kz

Полиэтилен құбырларының ұрланғаны туралы арыз Байзақ аудандық полиция басқармасына түскен. Құрылыстың мердігер компанияларының бірі белгісіз тұлғалар Тараз-Сарыкемер тас жолының бойында газ құбырлары жүргізіліп жатқан құрылыс орнынан мекемеге тиесілі жеті полиэтилен құбырды ұрлап кеткенін хабарлаған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 3 185 000 теңгені құрайды.

Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ұрлыққа қатысы бар Т. Рысқұлов ауданының 43 және 33 жастағы тұрғындары ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Күдіктілер кінәсын толық  мойындап отыр. Қазір осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу