30 қазанда еліміздің он аймағында мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді

1611

30 қазанда еліміздің он аймағында мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді

Алдағы жексенбіде еліміздің 10 аймағында аудандық және облыстық мәслихат депутаттығына сайлау өтеді, деп хабарлайды 24.kz.

30 қазанға белгіленген саяси додаға барлығы 92 үміткер тіркелген. Олардың 62-сі өзін өзі ұсынған. Өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған депутаттардың орнын басуға үмттілердің үгіт-насихат жұмыстарына қаржы қарастырылған. Мысалы, облыстық маслихат депутаттығына үміткерлер 280 мың теңге алса, аудандық мәслихат сайлауына қатысатындардың әрқайсысына 165 мың теңге бөлінеді.

Орталық сайлау комиссиясы он аймақта да дайындық жұмыстары тыңғылықты жүріп жатыр деп мәлімдеді.

"Бүкіл еліміз бойынша өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған депутаттардың орнына сайлау жүргізіледі. 30 округте бүкіл еліміз бойынша 223 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. 30 округтік комиссия, 160 учаскелік комиссия жұмыс істеп, науқанды өткізеді", – деді ҚР ОСК мүшесі Марат Сәрсембаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу