33 жастағы әйел пластикалық отадан кейін қайтыс болды

207

Иркутск қаласының 33 жастағы тұрғыны пластикалық хирургияға анестезия енгізгеннен кейін комаға түскен. 

33 жастағы әйел пластикалық отадан кейін қайтыс болды Фото: Здравсити

IRK.ru жазуынша, қайғылы оқиға мамыр айында болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әйел Иркутск Свердловск округінің ақылы клиникаларының біріне жоспарлы хирургиялық пластикалық операция жасау үшін келген. Анестезияға арналған препараттарды енгізген кезде әйелдің жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне түсті. 27 мамырда қайтыс болды.

Иркутскідегі тергеу комитеті Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 238-бабының 2-бөлігі бойынша "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызметтер көрсету" бойынша қылмыстық іс қозғады.

Еске сала кетсек, елімізде де осыған ұқсас оқиға тіркелген болатын. Өскемендегі сұлулық салонының біріне блефаропластика жасатуға барған әйел жансақтау бөліміне түсіп артынша көз жұмған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу