345 миллионға сатып алынған автобус

458

Су жаңа қоғамдық көлікті алуға қалалық бюджеттен 7 млрд теңге бөлінген.

345 миллионға сатып алынған автобус

Астана көшелеріне шыққан электр автобустардің біреуі 345 млн теңгеге сатып алыныпты. Су жаңа қоғамдық көлікті алуға қалалық бюджеттен 7 млрд теңге бөлінген. Ең сорақысы, дәл осы ақшаға автобустың дизельмен жүретін 4-еуін алуға болады.

Халық қоғамдық көліктің саны емес сапасын көтеруге көшкен әкімдіктің бұл қылығын түсінбей дал. Өйткені, бас қалаға әлі де автобус жетіспейді. Ал, автопарктер болса млрд-таған қарызын жаба алмай жүр. Жұрт сағаттап аялдамада тұр. Тоқпен жүретін көліктер Астананың қысына шыдамайды, дейді сарапшылар.

Қала әкімдігі жақында 20 электроавтобус сатып алды. Оларға кеткен қаражат 7 млрд теңгеге жуық. Бұл бағаға дизельмен жүретін 12 метрлік 4, ұзын қоғамдық көліктің екеуін сатып алуға болатын еді. Астанадағы № 1 автобус паркі мұнымен қоймай тағы 320 техника алмақшы екен.

Компания бұл техникаларды 2029 жылға дейін лизингтік түрде қарызға алыпты. Ол үшін алғашқы жарна 1,3 млрд теңге өз қалталарынан  төлеген. Қалған 5.5 млрдтан астам сомасы қалалық бюджеттен өтелді. Қала тұрғындарына керегі автобустардың жиі жүріп тұруы. Ал көлік тоқпен жүре ме, жанармай көп тұтына ма, оған бас қатырғысы жоқ.

Былтыр автопарк 9,7 млрд теңге шығын көрген. Бөлінген лизингтік қарыздың 43 млрд несиесі әлі өтелмепті. Оған тағы 320 автобусқа арналған  30 млрд теңге биылғы берешегі бар. Сарапшылар осынша шығыны бар компанияның неліктен қымбат техника алып жатқанын түсінбей дал. Сөзінше электро автобустар үшін Астана инфрақұрылымы дәл қазір дайын емес.

"Біз жақсы болды деп нақты айта алмаймыз. Себебі мына бағасына қарасақ сұмдық қой және Астананың қыстағы аязы, жазда ысып кететін айырмашылықты шыдайтын жалпы техника өндіруші бар ма, жоқ па? Белгісіз. Бір кезде біздің Мәскеудегі әріптестер айтып еді төрт-бес жыл бұрын, алған автобустары қыста тұрып қалды деп", - деді Қазақстан Автопарктер қауымдастығының төрағасы Сәбит Аманбаев.

Автобустар, әрине, тегін берілмейді. Лизингтік қаржыландыру арқылы 7 жылға бөлінеді. 7 пайызбен. Шарт бойынша бастапқы жарна 15 пайызын төлеуі керек. Одан бөлек автопарктер өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы да жаңартылмақшы. Бұған бірнеше квазимемлекеттік орган бастамашы болған. Одан қалды министрлік те жеңілдетілген несиеден жырып берген қаражатты осы автобустарды сатып алуға жұмсамақ.

"Жеңілдетілген автокредит беру бағдарламасы бойынша ай сайын 120 адамды машинамен қамтамасыз етуге болатын болса, қаражатты қайта бөлген жағдайда 1 айда 15 мыңға жуық жолаушы тасымалдайтын 20 автобус сатып алуға болады. Сатып алынатын электр автобустары мен сығымдалған газбен жүретін автобустар атмосфераға зиянды заттардың шығарылмауы есебінен қалалардағы экологиялық жағдайға тиімді."

Иа, бұл автобустар алдымен қаланың экологиясын таза ұстауға көмектеседі. Әрі шығынға әбден батқан автопарктің апқша табуына жол ашады,- дейді маман.

"Дизель автобуста қызмет көрсету өте қымбат шығады. Оның моторы бар, және көп агрегаттары бар. Ал мына электроавтобустарға қызмет көрсету арзандау болады. Және электроэнергиясы арзан. Заправкасы арзан және қызмет көрсетуі де арзан", - деді Қазақстан Автопарктер қауымдастығының төрағасы Сәбит Аманбаев.  

Қазір қала билігі жолақыны қолмен ұстап тұр. Қоғамдық көлікпен қатынау 90 теңгеден әрі түспейді. Әкімдік электрлі автобустармен тек өздеріне қарасты автопаркті жарылқап жатыр. Ал бас қалада одан бөлек жеке меншік тағы 5 компания бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу