Қазақстанда 35 806 ОСИ (мүлік иелерінің бірлестіктері) және қарапайым серіктестіктер құрылды. Басқарудың жаңа нысандарының басым бөлігі Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында орналасқан, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандары "мүлік иелерінің бір бірлестігі – бір шот" қағидаты бойынша жұмыс істейді.
Осылайша, тұрғындардың жиналған қаражатын пайдаланудың ашықтығы қамтамасыз етілді. Қаражат тек нақты көп пәтерлі тұрғын үйді басқаруға және күтіп-ұстауға жұмсалады.