Үздік пәтер иелері кооперативі анықталады

676

Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы жыл соңына дейін үздіктер анықталатынын хабарлады. 

Үздік пәтер иелері кооперативі анықталады

Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мегаполис аудандарының пәтер иелері кооперативі басшыларымен онлайн кездесулер ұйымдастыруды бастады. Оның сөзінше бұл халық арасындағы келелі мәселелерді анықтаудың бір жолы. 

"Қазірдің өзінде Медеу, Алмалы ауданының пәтер иелері кооперативтері өкілдерімен таныстым. Олардан жергілікті полиция инспекторларының жұмысы, толғандырған мәселелер туралы біліп, қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша ұсыныстарды тыңдадым. Онлайн кездесулерге аудандық полиция басқармаларының басшылары да қатысты. Өзара әрекеттесудің бұл жолы өте ыңғайлы. Себебі ПИК-тер мен тәртіп сақшыларының мақсаты бір - жергілікті тұрғындардың тыныштығы. Бұған қоса биылғы жылдың қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарымен белсенді әрі нәтижелі жұмыс істеген үздік ПИК-ті анықтамақпыз", - деді Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу