373 мың тонна сүт өндіретін 65 тауарлы-сүт фермасының құрылысы қаржыландырылады

549

2023 жылы облыс әкімдіктеріне 100 млрд теңге сомасында қайтарымды бюджет кредиттері бөлінді.  

373 мың тонна сүт өндіретін 65 тауарлы-сүт фермасының құрылысы қаржыландырылады Фото: Agrosmart KZ

Соның есебінен жалпы қуаты 373 мың тонна болатын 65 тауарлы-сүт фермасының құрылысы қаржыландырылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов Сенатта "Өңір" депутаттық тобының отырысында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Оның сөзінше, ведомство ауылдық аймақтарды дамыту тұжырымдамасында ауылда жаңа жұмыс орындарын құру арқылы ауыл халқының табысын арттыруға ықпал ететін 2 бағытқа баса назар аударған. Оның біріншісі – ауыл шаруашылығы кооперациясы арқылы ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі "Ауыл аманаты" жобасын масштабтау.

"Жоба сенім білдірген өкіл арқылы сыйақы мөлшерлемесі 2,5 пайыздан аспайтын және 7 жылға дейінгі ұзақ мерзімді шағын микрокредиттер беруді көздейді. Биыл бұл жобаны іске асыруға 100 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 17 мың микрокредит беру жоспарлануда. Бұл шамамен 18 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Мұнда ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту маңызды бағыт. Осы жоба шеңберінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін несие алу көзделген", - деді спикер.

Бұл ауыл шаруашылығы техникасын, қажетті жабдықтарды сатып алуға, өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша шағын цехтар ашуға ықпал етпек.

"Екінші бағыт – импортқа тәуелділерді ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайтуға және ауылда жыл бойы жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін АӨК саласында ірі агроөнеркәсіптік инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша СҚО табысты тәжірибесін тираждау. Биыл облыс әкімдіктеріне 100 млрд теңге сомасында қайтарымды бюджет кредиттері бөлінді. Соның есебінен жалпы қуаттылығы 373 мың тонна болатын 65 тауарлы сүт фермасының құрылысы қаржыландырылатын болады. Бұдан бөлек мал мен өсімдік шаруашылығы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің орнықты дамуы бойынша шаралар агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында қарастырылғанын атап өткім келеді", - деп қорытындылады вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу