4,6 млн теңге қарызы бар жүргізуші ұсталды

133

Әкімшілік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы нұсқамаларды өңдеу кезінде "Toyota Vellfire" маркалы автокөлігін анықтады. Соңғы екі ай ішінде ол жылдамдық режимін 89 рет бұзып, жалпы сомасы 4,6 миллион теңге айыппұлға ие болған.

4,6 млн теңге қарызы бар жүргізуші ұсталды Фото: Жамбыл облыстық Полиция департаменті

Жамбыл облысының полицейлері 4,6 миллион теңге қарызы бар жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған көліктің 27 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын азамат болып шықты.

"Тараз қаласының ПБ Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында бұл көлік анықталып, облыс орталығының көшелерінде тоқтатылды. Қазіргі уақытта автокөлік барлық айыппұлы толық төленгенге дейін арнайы айып тұрағына қойылды", - делінген мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу