4 айда өңдеуші өнеркәсіпке 398 млрд теңге инвестиция салынды

957

2020 жылы елімізге 17,1 млрд доллар тікелей шетел инвестиция тартылған. Биыл 4 айда өңдеуші өнеркәсіпке 398 млрд теңге инвестиция салынды. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

4 айда өңдеуші өнеркәсіпке 398 млрд теңге инвестиция салынды

Оның айтуынша, коронавирус пандемиясы кезінде әлемдегі инвестициялық ағымдар 42%-ға азайған, ал Қазақстанда аталған көрсеткіш (Ұлттық банк дерегінше) 30%-ға төмендеген.

"2020 жылы елімізге Еуропа Одағы елдерінен, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия, Жапония, БАӘ және тағы да басқа мемлекеттерден 17,1 млрд доллар көлемінде тікелей шетел инвестиция тартылды", - деді вице-министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Алмас Айдаров өткен жылы 1,6 млрд доллар болатын 41 инвестициялық жоба жүзеге асырыла бастағанын, нәтижесінде 7 мыңнан аса жұмыс орны құрылғанын атап өтті.

Ол соңғы уақытта фармацевтика, логистика, ақпараттық және жасыл технологиялар, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу сияқты салаларға инвестиция тарту өскенін жеткізді.

"2021 жылғы 4 айдың қорытындысы бойынща өңдеуші өнеркәсіпке капитал салу көлемі (өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда) 2 есе өсіп, 397,7 миллиард теңге болды", – деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ Инвестиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ардақ Зебешев инвесторларға қолайлы болу үшін инвестициялық келісімшарттар жасау бойынша мемлекеттік қызмет автоматтандырылғанын айтты.

"Пандемия кезінде онлайн режимге көшудің арқасында келісімшарттардың саны мен сомасын сақтап қана қоймай, оны ұлғайттық. Осылайша, өткен жылы жалпы сомасы 635 млрд теңгеге 56 инвестициялық келісімшарт жасалды. Бұл – соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Олардың ішінде өңдеу өнеркәсібі бойынша 51,2 млрд теңге сомасына 8 келісімшарт жасалды", - деді Ардақ Зебешев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу