4 наубайхана күніне 130 тонна әлеуметтік нан дайындайды

1508

Алматыда халықты азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

4 наубайхана күніне 130 тонна әлеуметтік нан дайындайды

Бүгінде Алматыда 4 наубайхана ("Ақсайнан", "Алматынан", "Рузинан", "Баширов" ЖК) күніне 130 тонна әлеуметтік нан шығарады. Әлеуметтік бөлкенің бағасы 85-90 теңге арасында, деп жазды inbusiness.kz.

"Бакалея өнімдерін өндірушілер ("Фирма "Ас-Ан" ЖШС), сүт өнімдерін өндірушілер ("Солнечный" ЖШС, "АдалСүт" ЖШС және "JLC" ЖШС, "Фуд Мастер" ЖШС, "RG Brands") жеткізілімдерді штаттық режимде жүргізуде. "Алсад Қазақстан" ЖШС мен "Алатау Құс" ЖШС қоймаларда жұмыртқа қоры жеткілікті, барлық сауда желілері мен ірі дүкендер қамтылған", – деп нақтылады Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығында.

9 қаңтардан бастап Магнум желісіне келісімшарт жасалған көкөністер жеткізу жолға қойылды. Сөрелердегі картоп бойынша баға – 118 тг/кг, сәбіз бойынша – 127 тг/кг, пияз бойынша – 84 тг/кг, қырыққабат бойынша – 116 тг/кг.

Бұл ретте жедел деректер бойынша шерушілердің әрекеттерінен 19 дәріхана зардап шеккенін атап өту керек. 

"Бүгінде 970 дәріхананың 877-сі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Алматы қаласының уақытша сақтау қоймаларында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемі жеткілікті. Жедел деректер бойынша шерушілердің әрекеттерінен 19 дәріхана зардап шекті", – деп нақтылады Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығында.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу