Алматыда 400-ден астам жедел жәрдем қызметкері үстемақы ала алмай жүр

884

"Қауіптің қақ ортасында қызмет етсек те, 7 айдан бері үстемақыдан қағылып отырмыз".  

 Алматыда 400-ден астам жедел жәрдем қызметкері үстемақы ала алмай жүр

Бүгін бір топ алматылық жедел жәрдем қызметкері осылай деп жанайқайларын жеткізді, деп хабарлайды Аtameken Business.

Олардың қатарында фельдшерлер мен кіші медицина қызметкерлері бар. Айтуларынша, инфекция жұқтырғандармен тікелей байланыста болмағандықтан оларға мемлекеттен берілетін қаражат төленбеген.  Осы уақытқа дейін қақпаған есігіміз қалмады дейді. Ешкімнен мардымды жауап ала алмаған. Десе де, арамызда  COVID-19 инфекциясы анықталып, тіпті, жан тәсілім еткендер бар дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу