42500.enbek.kz сайты арқылы жәрдемақы алу алгоритмi

25359

Қазақстанда МӘСҚ-тан берілетін төлемге өтініш беруге арналған қосымша сервис іске қосылды.    

42500.enbek.kz сайты арқылы жәрдемақы алу алгоритмi

Төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдерге өтініштер беру үшін Enbek.kz электрондық еңбек биржасының алаңында сервис құрылды.

Сервис арқылы МӘСҚ-тан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде төлемге өтініш беру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

1. https://42500.enbek.kz сайтына кіріңіз;

2. "Жәрдемақы алу 42 500" таңдаңыз;

3. Өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, электронды поштасы көрсетілген нысанды (форманы) толтырыңыз;

4.Форманы жолдайсыз;

5. Нысан (форма) жіберiлiп, жүйе телефон нөмірін сұрайды;
6.Телефон нөмірін SMS арқылы жіберілген кодпен растайсыз;
7. Өтініш жіберілді.

Өтінішті өңдеп, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ деректерін тексергеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады.

Ақпарат төлемді тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-қа жіберіледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу