2019 жылы "Тау-Кен Алтын" ЖШС жылына 25 тонна тазартылған алтын алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.
"2017 жылы зауыт Қазақстандағы 44 тау-кен кәсіпорнымен құрамында алтыны бар шикізатты жеткізіп беру туралы келісімге қол қойды. Келесі жылы 40-қа жуық келісімге қол қойылып, 20 тонна өндіру жоспарлануда. 2019-2020 жылдары жылына жобалық қуаты 25 тонна тазартылған алтынмен шықсақ", - дейді "Тау-Кен Алтын" зауытының өндіріс бойынша директорының орынбасары Асқар Тлеулин.
Сонымен қатар, зауыттың қуаты басқа да құнды өнімдер шығаруға мүмкіндік беретінін айта кетті.
"Зауыттың технологиясы ТМД аумағында баламасы жоқ, әлемдік көшбасшылардан тыс қалмайтын халықаралық инновациялық тәсілге сәйкес, қымбат металдарды аффинажды өңдейтін, өз кезегінде ТМД-ның жетекші кәсіпорындарымен құрамында алтыны бар шикізатты әзірлеудің бағасы бойынша бәсекелесуге мүмкіндік береді", - деді ол.
Аффинажды технологияны таңдаудағы негізгі өлшем, оны пайдаланудың экологиялық тазалығында екенін айта кеткен жөн.
"Экологиялық тазалыққа сәйкес, электрохимиялық технология әдісімен қымбат металдарды аффинаждауды таңдау, оның ішінде кешенді түрде құрылғының технологиялық процесі экологиялық қауіпсіздік пен сапасы төмен қоспалы шикізатты өңдеу мен халықаралық стандарттың бәріне сай 99,99% кем емес, таза өнім алуға мүмкіндік береді", - дейді Асқар Тлеулин.
Сондай-ақ, спикердің айтуынша 4 жыл ішінде зауыт Ұлттық банктің 45 тоннадан астам аффинирлі алтынын өндірген.
Зауыт алтынды зергерлік түйіршік ретінде де жасап шығара алады. Мәселен, биыл Қазақстанның зергерлік компаниялары үшін 35 кг тазартылған алтын өндірген.