46 елді мекен конго-қырым қанды безгегінің ошағында орналасқан

516

Былтыр Жамбыл облысында аса қауіпті жұқпалы кеселдің 12 жағдайы тіркелген.  

46 елді мекен конго-қырым қанды безгегінің ошағында орналасқан Фото: Rgmedia.kz

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы - аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Күн жылынып, жаз шыға бастағанда кеселдің өрши түсетіні белгілі. Бүгінгі таңда Жамбыл облысында конго-қырым қанды безгегінің ошағы Мойынқұм, Талас, Сарысу, Жамбыл, Байзақ және Шу аудандарының аумағында болса, 46 елдімекен тікелей қауіпті ошақта орналасқан, - деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нейли Муликованың айтуынша, өткен жылы конго-қырым геморрагиялық қызбасымен 12 жағдай тіркеліпті.

"Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының негізгі тасымалдаушылары – иксод кенелері. Аймақта қазірдің өзінде кене шағу фактілерінің тіркеліп жатқанын айта кету керек. Бүгінгі күнге дейін облыс бойынша кене шаққан 1 адам тіркелді. Зардап шеккен тұлға 14 күндік медициналық бақылауға алынып, шағымы жоқ болғандықтан бақылаудан шығарылды.

Кеселдің алдын алу мақсатында өңірде жоспарға сай жұмыстар атқарылуда. Тұрғындар арасында індеттің алдын алу және эпидемиялық маусымды болжау мақсатында 2024 жылдың наурыз айынан бастап Ұлттық сараптама орталығының зоологиялық-паразитарлық топпен көктемгі дала барлау жұмыстарын жүргізуді бастап кетті. Қазірге дейін облыс бойынша 5 927 кене жиналып, зерттеліп, індеттің қоздырғышы анықталмады", - дейді Н.Орынбасарқызы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу