47 мың тонна тұқымның сапасы нашар

1786

480 мың тоннаға жуық минералды тыңайтқыш сатып алынады. 

47 мың тонна тұқымның сапасы нашар

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров тұқым дайындау және олардың сапалық көрсеткіші аса маңызды мәселе екенін мәлімдеді.  

"2,5 млн тонна тұқым себілді. Бұл тұқымдық материалға деген толық қажеттілікті қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні 1 млн тонна тұқым тексерілді, оның 95%-ы кондицияға сай. 47 мың тонна немесе 5% тұқым кондициялық емес деп танылды", – деді Айдарбек Сапаров.

Оның сөзінше, жергілікті бюджетте тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 11,3 млрд теңге қарастырылған. Ал республикалық бюджеттен шамамен 29,4 мың тонна тұқым және 838,7 мың дана элиталық көшет сатып алуға 2,5 млрд теңге бөлінген. 

"Жоғары өнім  алу үшін тыңайтқыш қолдану маңызды рөл атқарады. Бұл үшін жергілікті бюджеттен 23,3 млрд теңге қарастырылды. Бұл ақшаға 
480 мың тоннаға жуық минералды тыңайтқыштар сатып алуға болады", – деді вице-министр.

Белгілі болғандай, республикалық бюджеттен шамамен 54 мың тонна тыңайтқыш сатып алуға қосымша 2,8 млрд  теңге қарастырылған.  

"2020 жылға арналған облыстардың жергілікті бюджетінен пестицидтерді субсидиялауға 31,4 млрд теңге бөлінді. Бұл шамамен 15 млн литр пестицидті субсидиялауға мүмкіндік береді. Шаруаларды 1,6 млн литр пестицидпен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 5,6 млрд теңге бөлінді", – деді Айдарбек Сапаров.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу