"5-10-20" бағдарламасының пилоттық жобасы іске қосылады

1898

"5-10-20" жобасына тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтар қатыса алады.

"5-10-20" бағдарламасының пилоттық жобасы іске қосылады

ТҚЖБ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 11 мамырында берген тапсырмасы аясында "Нұрлы жер" бағдарламасының жаңа бағытын әзірлеуді бастағанын хабарлады.

Жаңа пилоттық жоба 5-10-20 шарты бойынша тұрғын үй сатып алу үшін азаматтарды несиелендіруді қарастырады:
- несие мөлшерлемесі – 5%;
- бастапқы жарна 10%-дан бастап;
- несиелендіру мерзімі – 20 жылға дейін.

"5-10-20" пилот жобасына тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтар қатыса алады.

Баспананы "Нұрлы жер" бағдарламасының аясында салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен де, жеке құрылыс салушылардан да сатып алуға болады. Қазір жобаның шарттары талқыланып жатыр және келесі параметрлер ұсынылуда.
Ең жоғары заем сомасы жеке құрылыс салушылар ұсынған жаңа үйлер бойынша Қазақстанның әр аймағына байланысты:
- Нұр-Сұлтан, Алматы және осы қалалардың маңындағы аймақтар үшін 18 млн аспайды;
- Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы үшін 15 млн теңгеден аспайды;
- басқа аймақтар үшін 12 млн теңгеден аспайды.

Әкімдіктер салған несие тұрғын үй бойынша 1 шаршы метр бойынша келесі баға параметрлері белгіленген:
240 мың теңгеге дейін – Алматы қаласында;
220 мың теңгеге дейін – Нұр-Сұлтанда және осы қала маңындағы аймақта;
200 мың теңгеге дейін – Шымкент қаласында және Алматы маңындағы аймақта;
180 мың теңгеге дейін – Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан және Қарағанды облыстарында;
160 мың теңгеге дейін – басқа аймақтарда.

Айта кетсек, ҚР ИИДМ ұсынған 2020 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша, жергілікті атқарушы органдарда 540 мыңнан астам адам кезекте тұр. Оның ішінде:
– мемлекеттік қызметкерлер, бюджет ұйымдар қызметкерлері – 212,5 мың адам
- толық емес отбасылар – 120,5 мың адам
- ата-анасыз балалар – 60,8 мың адам
- 1 және 2-топтағы мүгедектер – 43,5 мың адам
- мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар – 21,1 мың адам
- зейнеткерлер – 18 мың адам
- басқа санаттар – 16 мың адам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу