Ойын баласы сол уақыттан бері табылмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2018 жылы туған Жаннұр Тұрсынбек Келес ауданында абайсызда өзенге құлап кеткен еді.
Қазіргі уақытта құтқарушылар іздеу жұмыстарын Құрылыс елдімекені маңындағы Келес өзенінде жүргізуде.
Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, облыстық жедел-құтқару жасағы, Шымкент қаласы және Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменттерінің құтқарушылары, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, білім беру саласының мамандары, еріктілер мен баланың туған-туыстары жұмылдырылып отыр.
– Жалпы іздеу жұмыстарына 90-ға жуық адам мен арнайы техника тартылды. Құтқарушылар су айдынын тексеру кезінде құтқару катерлері, эхолоттар, дрондар және суасты дрондарын пайдаланып жатыр, – деп мәлім етті облыстық ТЖД.