"5 миллионнан аса киік бар": Ақбөкен санын реттеу күзде басталуы мүмкін

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев мәлімдеді.  

"5 миллионнан аса киік бар": Ақбөкен санын реттеу күзде басталуы мүмкін Фото: Яков Федоров

Оның сөзінше, киікті аулауға рұқсат берілетін болса, бұл іс-шаралар күзде басталмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Парламент Мәжілісінде журналистердің сұрағына жауап берген ол киік санын реттеудің кезеңін толық айтып берді.

– Қазір киік төлдеп жатыр. Жалпы, киік санын реттеу іс-шаралары қыркүйек айында басталып, қарашаның аяғына дейін іске асырылуы мүмкін. Киік санын реттеу мәселесі ғалымдардың биологиялық негіздемесі аясында шешіледі, – деді Н.Шәрбиев.

Бүгінгі талқылауда ғалымдар тиісті мәліметтерді ұсынған. Бір ғана мысал, кеңестік кезеңде жыл сайын киік саны реттеуге рұқсат берілген, яғни 300 мыңын азайтуға шешім шығарылған.

Сонымен қатар, вице-министр жақында Үкіметке киік мәселесіне қатысты құжат ұсынылатынын хабарлады.

Өткен жылғы санақ бойынша Қазақстандағы киік саны 2 млн 833 мыңға жеткен еді. Бүгінде олардың саны 4 миллионға жуық. Биылғы мамырдағы төлін қосса 5 миллионнан асып жығылуы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу