5 млн астам қазақстандық автомобильдерін онлайн режимде тіркеді

Жыл сайын автомобильдерді сатып алу-сатуды рәсімдеу және қайта тіркеу үшін ХҚКО-ға шамамен 6 млн адам келеді.

5 млн астам қазақстандық автомобильдерін онлайн режимде тіркеді Фото: google.com

Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек онлайн брифингте мәлім етті. 

"5 миллионнан астам қазақстандық онлайн автомобильдерді қайта тіркеу қызметін пайдаланды. ІІМ онлайн-қызметтері смартфондарда іске қосылған сәттен бастап оларды 7 млн-нан астам азамат, оның ішінде 5,3 млн автокөлік сатып алушылар мен сатушылар пайдаланды", – деді спикер. 

Жыл сайын автомобильдерді сатып алу-сатуды рәсімдеу және қайта тіркеу үшін ХҚКО-ға шамамен 6 млн адам келеді.

"Әрине, бұл ХҚКО-ға барумен, олардағы кезекті күтумен, мәмілені рәсімдеу кезінде автокөлік сатушысымен есеп айырысу үшін өзімен бірге үлкен соманы алып жүру қажеттілігімен байланысты қолайсыздықтар туғызды", – деді спикер. 

Осыған байланысты ІІМ халыққа ыңғайлы болу банктердің мобильді қосымшаларында автокөліктерді онлайн-қайта тіркеу бойынша сервис іске қосылды.

Бұл сервис сатушы мен сатып алушыға сатып алынатын немесе сатылатын автокөліктерге салықтар мен айыппұлдарды тексеру мен төлеуден бастап мемлекеттік нөмірлерді, оның ішінде VIP нөмірлерді, сондай-ақ автокөлік иесіне сатып алынған автокөліктерге құжаттар мен нөмірлерді алуға ыңғайлы болатын ХҚКО-ны таңдауға дейінгі қызметтердің бүкіл циклын ұсынады.

ІІМ өкілі атап өткендей, барлық мемлекеттік органдардың ішінен ведомство халық үшін негізгі көрсетілетін қызметті беруші болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу