5 өңірдегі арнайы операция: 32 адам ұсталды

906

Ішкі істер министрлігі 5 өңірде арнайы операция жүргізген.

5 өңірдегі арнайы операция: 32 адам ұсталды

Полицейлер заң жолмен алтын іздеп оны сатқан 32 адамды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ арнайы мақсаттағы бөлімшелерді тарта отырып, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақмола және Маңғыстау облыстарында Ақмола өңіріндегі кәсіпорындар мен кеніштерде құрамында алтын бар материалдарды ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстау үшін арнайы операция жүргізді. Осылайша, ведомство
аса ірі көлемде қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру және қылмыстық топты қаржыландыру көзін жойды.

Қылмыстық топты ұйымдастырушылар заңсыз жолмен алтын іздеушілердің "бригадирлеріне" жүйелі түрде демеушілік жасап, заңсыз алтын өндіру жұмыстарын жүргізуге жағдай жасаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз жолмен алтын өндіруді ұйымдастырудан бастап зергерлік бұйымдар сату пункттеріне дейін: өнімді жасырын жерлерге тасымалдау, оған жалған құжаттар дайындау сынды дәлелдер табылған.

27 тамызда 43 объектіде жүргізілген тінту іс-шаралары барысында төмендегі заттар тәркіленді:

– құрамында алтыны бар металл өндіру цехтарының қызметін ұйымдастыруға арналған жабдық (ұсақтау қондырғысы, химикаттар-реактивтер және басқа да қолдан жасалған құрылғылар);

– Алматы мен Шымкентте зергерлік бұйымдарды балқыту және өндіру бойынша заңсыз жұмыс істеген 2 цех анықталды (онда балқыту станоктары, алтын құюға арналған қалыптар, концентраттар және басқа да жабдықтар болған);

– 95 млн 801 мың теңге және 356 мың доллар;

– жалпы салмағы 10 келіден асатын алтын бұйымдар мен құм;

– 13 қымбат көлік (2020-2021 жылдары шығарылған Lexus LX 570, Nissan Patrol, Toyota және тағы басқа);

–  5 атыс және суық қару;

– Шымкенттегі заңсыз цехтың қызметін жүргізу бойынша құжат (есеп құжаттары)

Қылмыс жасады деген күдікпен 32 адам ұсталған, оның тоғызы Қылмыстық іс жүргізу кодексі 128-бабы бойынша уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен қатысушыларына қатысты Қылмыстық кодекстің 262-бабы 1-бөлігі, 2-бөлігі, 188-бөлігі, 4-бөлігі және 196-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық істер қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу