Елімізде 5-ші наурыздан бастап темір жол билеттері қымбаттайды, деп хабарлайды Atameken Business.
Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады. Олар таратқан ақпаратқа сәйкес облыстарға қатынайтын барлық әлеуметтік маңызы бар пойыздарға тариф 7 пайызға көтеріледі. Қымбаттау жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушы шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялау шарттарына негізделген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу