500 тонна бензин мен 5 мың тонна дизель отынын ұрлағандардың ісі қаралуда

962

"Батша Қуан" ЖШС мен күдіктілердің құны 4 миллиард теңгеден асатын мүлкіне шектеу қойылды. 

500 тонна бензин мен 5 мың тонна дизель отынын ұрлағандардың ісі қаралуда

Маңғыстау облысының экономикалық тергеу департаменті "Өзенмұнайгаз" АҚ-ға тиесілі аса ірі көлемде жанар-жағармай материалдарының ұрлануына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың желтоқсанында "Өзенмұнайгаз" АҚ мен "Батша Қуан" ЖШС "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның жеке қажеттіліктері үшін пайдаланылатын жанар-жағар май материалдарын қабылдау, сақтау және тарату қызметтерін ұсыну туралы келісімшарт жасасқан. "Өзенмұнайгаз" АҚ өкілдері 2018 жылдың желтоқсан айының соңында жанар-жағармай материалдарының сақталуын тексерген кезде, "Батша Қуан" ЖШС резервуарларында жалпы құны 1,2 млрд теңге болатын 500 тоннадан астам бензин мен 5000 тоннадан астам дизель отынының жоқтығын анықтаған.

Сотқа дейінгі тергеу барысында екі күдікті, соның ішінде ұрлықты ұйымдастырушы қамауға алынды. Күдіктілердің кінәсі қылмыстық іс материалдарымен (23 томнан тұрады) және олардың мойындауымен дәлелденді.

Жәбірленуші тараптың азаматтық талабына қатысты шешім қабылдау және мүліктерін тәркілеу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында "Батша Қуан" ЖШС мен күдіктілердің құны 4 миллиард теңгеден асатын мүлкіне шектеу қойылды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс Жаңаөзен қалалық сотында қаралуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу