"580 мың теңге ұттыңыз". Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

1205

Алаяқтар тұрғындарға "Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша 580 мың теңге көлемінде грант ұтқанын айтып, банктегі кредитінің бір бөлігін жабуды талап еткен.  

"580 мың теңге ұттыңыз". Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандықтарға сақ болуға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

"Бастау Бизнес" бағдарламасы іске қосылғаннан бері бейтаныс адамдар тұрғындарға хабарласып, өздерін "Атамекен" ҰКП–ның қызметкері" деп таныстыратын болған. Кейін олар грант ұтқанын айтып, қаражатты аудару үшін жеке банк деректерін сұраған. 

"Сондай–ақ алаяқтар қаражатты "Қазпошта" арқылы алуды ұсынып, "жеңімпаздың" жеке шот дерегін сұрайды. "Ұтыс" сомасы 700 мың теңгеден 1 млн теңге аралығында екенін айтылады", – деп жазылды хабарламада.

Осыған байланысты "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы "Бастау Бизнес" жобасы кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсын ұйымдастырумен ғана айналысатынын ескертеді. Ал грант бөлу палатаның міндетіне кірмейді.

"Бұл жағдайды ескере отырып, қазақстандықтарды алаяқтық сипаттағы хабарламаларға немесе қоңырауларға сеніп, құйтырқы әдістерге алданып қалмауын сұраймыз.

Сіз мұндай жағдайға тап болсаңыз немесе сізге "Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша грант ұтқаныңызды айтып, бейтаныс адамдар қоңырау шалса, 1432 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуыңызды сұраймыз", – деп жазылды хабарламада.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу