5G-мен тұрғын саны 50 мыңнан асатын барлық елдімекен қамтылады

802

Ел аумағын 5G қамту үшін инфрақұрылым жасау бойынша жұмыстар аясында осы жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында пилоттық жобаны іске асыру жоспарланған. 

5G-мен тұрғын саны 50 мыңнан асатын барлық елдімекен қамтылады

Қазақстан АҚШ, Оңтүстік Корея, Швейцария, Эстония елдерімен қатар жаңа желіні енгізуді пилоттауға көшкен әлем елдерінің ондығына кіреді. Бұл туралы үкімет басшысының 5G енгізу мәселелері туралы өткізген кеңесінде айтылды.

Кеңес барысында цифрлық экономика мен заттар интернетін дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге жаңа технологияны енгізудің ықпалы талқыланды (IoT).

Премьер-министрі баспасөз қызметінің хабарлауынша,  талқылау қорытындысы бойынша Асқар Мамин Қазақстанда 5G енгізу бойынша шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

"Ел аумағын 5G қамту үшін инфрақұрылым жасау бойынша жұмыстар аясында осы жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында пилоттық жобаны іске асыру жоспарланған. Жалпы, 5G байланыс желісімен адамдар саны 50 мыңнан асатын барлық елдімекен қамтылады деп күтілуде", – делінген хабарламада.

Айта кетсек, 17 мамырда Нұр-Сұлтанда өткен АЭФ аясында "Қазақтелеком" АҚ Nokia-мен бірлесіп әзірлеген 5G технологияларының мүмкіндіктерінің таныстырылымы өткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу